Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан құрамасы Қытайды жеңді

Қазақстан құрамасы Қытайды жеңді

Гандболдан Жапонияның Кумамото қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 21-24 орын үшін өткен кездесуде Қытай құрамасын жеңді. Кездесудегі есеп 29-23.

Бұл Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін топтық кезеңде Венгрия, Черногория, Румыния, Испания және Сенегал құрамаларына жол берген.

Ертең Қазақстан құрамасы 21 орын үшін Кубамен кездеседі.

Check Also

Қазақстан құрамасы топтық кезеңді соңғы орынмен аяқтады

Гандболдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынын Сенегал құрамасымен өткізіп жеңіліс тапты. Кездесудің есебі …